Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  80


Автор: Жангелді Немеребай

ҰҚСАТА АЛМАЙ КЕЛЕМІН

(Абай атаға)
Алпыс екі тамырда қан айнала,
Ақындыққа ұмтылдық талай бала.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
Деп айтып ең расында Абай баба.
Кей кездері тірліктен шаршағанда,
Жырыңды оқып елітем ән самалған.
Қара сөзің - қазақтың қазынасы,
Ақыл берген дәл мендей қанша адамға.
Үлес қосар өнерге, баталы елге,
Ақын болсам деп едім ата мен де.
Қара өлеңнің ұға алмай қасиетін,
Ұрпағың жүр еліктеп жат әуенге.
Жастар да көп адасқан сана бөлек,
Шыңғырығы шығыстың - «жаңа дерек».
Әр заманның Абайы бар деуші еді,
Біздерге де дәл сіздей дана керек.
Қанат қаққан өнердің бір құсымын,
Абай ата, жырыңның үлгісі мың.
«Болмасаң да ұқсап бақ» деп едіңіз,
Ұқсата алмай келемін жыр мүсінін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу