Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  161


Автор: Жангелді Немеребай

ТОЙ

Көңілін ашып талайдың,
Ай-хой жүрек тербеген.
Мейрам келіп арай күн,
Бойды шаттық кернеген.
Әсем әнім арналсын,
Елге салтанат құрған.
Тойың тойға жалғансын,
Шашу шашайын жырдан.
Ашық аспаным бүгін,
Мәз боп ғарыш та күлген.
Қосты –ау бастарын бүгін,
Жұртым қауышпай жүрген.
Бейбітшілік сақтаған,
Халқым ғажап бүгінгі.
Қазақпын деп мақтанам,
Тойлап азат күнімді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу