Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  136


Автор: Жангелді Немеребай

ТАЛДЫҚОРҒАН-БАҚ ҚАЛА

Менің сайран мекенім Талды қалам,
Сенде оқып,жыр жазып ән құрағам,
Алыс кетсем тұрады көргім келіп,
Аңсағандай ғашығын барлық адам.
Куәсісің өткен мен келер шақтың,
(Өтті өзіңде сан қызық, нелер шат күн)
Жетісудың жауһары -Талдықорған,
Жаны жайсаң достар да сенен таптым.
Сұлулықтың символын мол ұқтырдың,
Жүрегімде ән мен жыр болып тұндың.
Мен өзіңнен өмірлік махаббатты,
«Ғашықтар көпірінен» жолықтырдым.
Саябақта жарқырап шам-шырағың,
Саз бұрқақтан шашылған ән шуағың.
Түндеріңмен ғажайып тамылжыған,
Шабытымды тағы бір қамшыладың.
Еркесіндей Жетісу-Алатаудың,
Бүгінде «Талды-Париж» қала атандың,
Болашаққа көз тастап,өткенді ойлап,
Жағасында келемін Қараталдың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу