Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  106


Автор: Жангелді Немеребай

Айтып өлтір босқа үндемей тұрғанша...

Айтып өлтір босқа үндемей тұрғанша,
(Арамызда айтылмаған сыр қалса)
Саған деген сенімсіздеу сезімім,
Қайтер едің басқа жанға бүр жарса.
Ақын өлмес артында егер жыр қалса,
Көктем сайын гүлге оранған қырларша.
Қайтер едің саған деген махаббат,
Басқа жанға сәуле шашып нұрланса.
P.S
Тән жарасы жазылар, жан жарасын қайтесің.
Ұмытсақ та біз ертең өкпелескен Ай кешін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу