Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  81


Автор: Жангелді Немеребай

Шаттықты алмас қыламын...

1
Шаттықты алмас қыламын,
Берілмей еш бір мұңға,
Тірлікті жалғастырамын,
Кетпеймін еш кұрдымға.
Жаңа бір жолға бастап ем,
Ертеңді тәтті елес қып.
Жігерлі көзқараспенен,
Күн кешем оптимисттік.
2
Бұғаудан босатылгандай,
Байланған бүгін жүрегім.
Шапағын шашатын таңдай,
Мен енді күліп жүремін.
Кайғыдан жасқанбаған ем,
Елдің де көздері күлсін.
Мен ақтым баска арнаменен,
Өзгелер өздері білсін.
p.s
Қамықпа,қасқалдақ өлең,
Сені де аялар бір жан.
Қоштасып аспандағы әлем,
Ұшырса сая бағыңнан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу