Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  113


Автор: Мәди Қайыңбаев

РЕПИН. ВОЛГАДАҒЫ БУРЛАКТАР

Репин.
Бала кезімде
Картинада осы жүрді ойым,
Беріліп үнсіз сезімге,
Қарайтын едім күн бойы.
Ал онда...
Шаршап,
(сезем мен)
Зар қылып киім,
Қорегі,
Бурлактар бір топ
Өзенмен
Кемені сүйреп келеді!
Ілбиді бəрі мұңданып,
Ажырғы қиып иығын.
Жүздері айтып тұрды анық
Қасіреті мен күйігін.
Сүйетін күннің ақ нұрын
Бурлактар!..
Кімге теңгердім?!
...Жырлады Репин тағдырын
Отанын сүйген ерлердің! –
Кеме емес
Россияны,
Россияны сүйрегендердің!
Келер күндерді аңсаған,
Өздері шейіт болса да,
Жақсылық сүйреп шаршаған,
Ал мұндай бурлак қаншама!
Қамытын киген төзімнің
Қазақ та азапты ел еді.
Оу, Қазақ, мен де өзіңнің
Бурлагың болғым келеді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу