Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  405


Автор: Мәди Қайыңбаев

ТУҒАН ЖЕР

Ұлан, байтақ жұртымның
Болашағы қолымда, –
Жырлаймын деп ұмтылдым,
Жарасады оным да!
Айтсам деп ем кеңдігін,
Жеткізе алар ма екенмін –
Теңдігі мен елдігін
Осы байтақ мекеннің?!
О, Туған жер, сезімге,
Кір түсірмей құрдым мен!
Кіндік кесіп өзіңде,
Кірімді де жудым мен!
Кеңдігіңді баладым,
Кең пейілді анаға!
Ерлігіңді санадым
Жырлайын деп, жан ана!
Тауға шықтым, тас басып,
Күндерден күндер асқанмын.
Көкжиектен астасып,
Жертүбінің жусанын да жастандым.
Жұмақ болып көзіңе
Көрінсе де өзге қалайда,
О, Туған жер өзіңе
Жетпейді екен алайда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу