Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  106


Автор: Мәди Қайыңбаев

ҚОСТА

Күн батты асып төбеден,
Сыбдыр қақты кəрі емен.
Дəл сол күні – қадыр түні
Сен жолығар демеп ем.
Қып-қызыл боп бар алап,
Қара жаңбыр сабалап,
Қиян шетте қоста қалған
Екеумізге обал-ақ!
Елжіреп тұр жанымыз,
Кептірініп алыңыз.
Жағал-жағал шашын сығып,
Неге күлді сары күз?!
Ұшқын шашып жағалай,
Шатырлады қарағай!
Қоңыр тəнің мыстай балқып,
Кептірінген, қарақ-ай!
Жүзің лаулап балқыған,
Сен екенсің нəр тұмам.
Жанарыңнан сүйдім үнсіз
Қара судай толқыған.
Көкірегің тасыңды,
Көздің жасы шашылды.
Мақпал шашың, қос анарың
Айналдырды басымды.
Кім ойлапты, – тілек пе,
Кім ойлапты, зыр етпе
Қарағайдың бір ұшқыны
Түседі деп жүрекке...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу