Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  77


Автор: Мәди Қайыңбаев

ЫМЫРТТАҒЫ АҢСАУ

Алқызыл қасат қарды құрсанып қыр,
Мақта бұлттың бауырын нұр шалыпты.
Тағы отырмын ымыртта қиян шетте,
Ымыртты сүйдім неге мұншалықты,
Нарттай дала... жаныма мұң салып тұр.
Сыңсып борап ұлиды қасқырдайын,
Алты қырдың шулатып астын дəйім.
Ғайыптан пайда болған ғажайып үн
Ызғырық боп көшеді тасқындайын.
Нар төбелер шаттығын қойғаны ма-ау,
Долы бір күш жатқандай сайда мынау.
Суырған ескі қамыс шошаладан,
Мен бəріне қарауға тоймадым-ау!
Сүйемін табиғатты білесің бе,
Егілме бір сезім бар жүрегімде.
Нағыз жалын шағымда ымыртты аңсап,
Іркілгенім дұрыс па бұл өмірде?!
Жоқ, бұлай егілмейін, жасымайын,
Алға асыққан бұлақтай тасынайын.
Найзағайдай жарқ етіп шашылайын,
Ымырт – басқа, мен – басқа, қарттық – басқа,
Мəрттікпенен ертеңге асығайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу