Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  91


Автор: Мәди Қайыңбаев

ҒАРЫШҚА САМҒАУ НЕМЕСЕ АТЕИСТІҢ НАСИХАТЫ

Библияда жазылыпты былай деп,
Мекендейтін аспанды тек Құдай деп.
Болашақты болжап, сірə, болар ма –
Жерді ғана беріпті олар адамға!
Адамзаттан жетістікті тосқан ба,
Библияның айтуынша,
Жасқанбай,
Жаратқанның жалғызы тек Иисустың,
Шығуына болады екен аспанға!
...Бірақ жылдар өтті талай бедерлі,
Уақыт туды ойшылдар мен шеберді
Дүниеге келді сансыз жетістік,
Құдайлардың «қанауына» кедергі!
Стоунхендж,
(Тас ғасырлық сырым бұл)
Обсерватория (Ұлықбектің) құрылды.
Ақыры адам шықты аспанға
Иисустан
Кейінгі ме?!
Бəлкім, одан бұрынғы?!
«Кеттік!» деген Гагариндей хас ұлдың,
Үніменен ғарышқа жол ашылды!
«1961 ж. 108 мин. Байқоңыр»
Сөздерін
Кеудесіне ойып жаздық ғасырдың.
Жаулап алдық «Союзьбенен» көк елін,
Кім біледі Құдайлардың не дерін?!
Аспанға ұшқан адамдармен күн сайын,
Құлпырады тарихтың бет-бедері.
Жұрдай болды-ау Құдайлардың беделі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу