Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  83


Автор: Мәди Қайыңбаев

АУЫЛ ИТI

Жалғыз жиде төбесiнен өрмелеп,
Қып-қызыл боп Ай шықты, əне, дөңгелеп.
Бұрылыстан кездескен ит үредi,
Ауылыңды жатсындың ғой сен де деп.
– Жо-жоқ! – деймiн, – Қаңғыбасты ашқарын
Қарайлатпай алысқа алып қашты əнi.
Сол кеткеннен жаңа жеткен адасып,
Жан-жүрегiн түсiнiңдер қасқаның!
Өздерiңдей табанымды көк бояп,
Бұралқы боп талдырумен текке аяқ,
Қайта оралып келiп тұрмын ауылға,
Көздеген сол мақсатыма жетпей-ақ.
Ой-ой… Құрсын! Алып қала өр кеуде
Қол емес-тi менi менен сендерге!
Онда мұндай шөмеле де, Ай да жоқ,
Бұрқыраған жиде де жоқ ол жерде…
Болғанменен аты дардай астана,
Биiк үйлер, бұрыш-бұрыш… тас қана.
Ғажап емес қайыршы боп кетуiң,
Əсiресе соңғы кезде масқара!
Сондықтан да мына мендей байғұсты
Жатсынбаңдар, байтөбеттер – маң, күштi.
Қайта айналып келiп тұрмын сендерге,
Қарсы алсаңдар жаудырамын алғысты.
Онсыз-дағы еркiндiкке құмар ем,
Ауыл десем жайнап кетер мына əлем.
Бұдан бұрын өмiр сүрген кезiмде
Сендердей ит болғанмын-ау сiрə, мен…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу