Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  104


Автор: Мәди Қайыңбаев

ДӘРУІШТІҢ МОНОЛОГЫ

Тақтым белге дəруіштік белбеуін,
Бақытым да, бостандығым ол менің.
Тақтым оны əділсіздік болған соң
Көзімді ашқан күнен бастап көргенім.
Шарладым да ел мен жерді көптеген,
Қажы атандым, барып қайтып Меккеге.
Мəуеранаһрды араладым,
Күнелтіп
Бір дирхемге сатып алған етпенен.
Шөліркесем Сейхунға қол жуғанмын,
Шексіз білім жеткізе ме қуғанға –
Болдым халқы илеуіндей араның
Бұқарада, Тавризда, Бұлғарда!
Кең ғой! Кең ғой еркіндерге жер үсті,
Талай ғалым, данышпанмен көрістім.
Үргеніште, Отырарда олармен
Ғалам жайлы ойларымды бөлістім.
Əйтсе-дағы көкірегім толған у,
Халық көзін ашсам деп ем арманым.
Шахтардың тек қолында алтын тұтқасы,
Өмір бірақ – өмір бақи алдану!
Я-гу-у! Я – хақ! Ля-илляхи- илля-гу-у!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу