Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  115


Автор: Мәди Қайыңбаев

МОНШАДА

Тамсап жүріп өткенін де білмеген,
Өмір деген – омарта ғой гулеген.
Байқамайсың кім дəулетті, кім кедей,
Монша ғана ашар бəрін бүркемей!
...Ғұмырының санындай көп нөмірі
Билетімді жыртты кемпір шүйкедей.
Жыртты-дағы орамалын ұсынды,
Орамалмен орадым бақ құсымды.
Орап тұрып ойланған сол кемпірдің
Омартасы қирағанын түсіндім.
Жан-жағыма қарап едім ойлана,
Илеуі екен тіршіліктің айналам –
Бағдаттың моншасынан кем емес
«Мың бір түнде» айтылатын майдалап!
Спорттық зор дəрежеден үміткер,
Финдік бумен қуып салмақ, қуып тер,
Бассейннен,
Душтан шаршап оралып,
Орындықта солықтайды жігіттер.
«Өмірдің, – деп, – бар қызығын бір көрсек!»,
Соққыласып сыпырғышпен тілгенше!
Бура санды, апай төсті тəндерін,
Қарқылдасып, мəз болады кірге өлшеп!
... Көз алдынан бұлаң-бұлаң қашты үміт,
Кəрілікке мойынсұнып, басбіліп,
Отыр кемпір... мұңға батып моншада
Шүңірек көз жанарларын жас жуып.
Оралды ма-ай ойына асыл жастығы?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу