Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  74


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Ақын әлем астында бiр түндiктiң...

Ақын әлем астында бiр түндiктiң,
Жанарлардың сұғына сыр сүңгiттiм.
Қаншама өлең жазылмай жайрап жатты
Жастығымның астында, түн-тiрлiктiң.
Мен емес бейқам ақын сиқы қашқан
Түс көрiп, түнде тұрып сиқыр ашқам.
Мен, аға, жол қуғам жоқ, сөздi қудым,
Қулығым жоқ едi өзi күйкi бастан.
Iлесе алмай өмiрдiң көшiне өлең,
Тағы да бiр керуеннiң көшiне ерем.
Шiркiн, менде аздаған қулық болса,
Кешiккен күндерiмдi кешiрер ем.
Жүр ме, аға, көздерiмнен сыр бiлiнiп,
Керек ғой сезiмге сыр, жырға iрiлiк.
Бiр өлең жүрегiмде опат болып,
Бiр өлең кiрпiгiмде тұр ма iлiнiп?
Бiлем, аға, өледi iшiмде өлең,
Өлеңiм өмiрiмдi мүсiндеген.
Тағдырым от пен суды мекендеген,
Алайда арыма ақау түсiрмегем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу