Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  89


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Бiлмеймiн, үркек үмiт сөнген кез бе...

Бiлмеймiн, үркек үмiт сөнген кез бе,
Жоқ, әлде, ғашық көңiл жеңген кез бе?!
Көңiлiмде бiр толқынды түртiп өттiң
Сен менi көрген кезде.
Махаббатқа келгенде, жан-арына,
Өзiм емес, өлеңiм жаралы ма?!
Жарақатымды емдеген тамшы жасым
Оралды балағыңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу