Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  101


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

О, әйели табиғат, мен өзiңнен жырақпын...

О, әйели табиғат, мен өзiңнен жырақпын,
Сәл нәрседен солдым да, сәл нәрседен гүл аттым.
Саясы жоқ ағашқа бұлбұл қалай қонады,
Тұғырымды таппаған, жауабы жоқ сұрақпын.
Шiрiк тастар жартас боп жарытпайды, бiлемiн,
Ояндым да түн-ана дүбiрiнен түледiм.
Жанарымнан түн ұлып, таң сыз бердi беймаза,
Сүюден де күюден шаршадың ба, жүрегiм?!
Асан қайғы жанымның сары уайымы сан-сақ боп,
Өкпе-наздан босаған көңiлiмде жаңсақ көп.
Өмір деген сөйлемге қоя алмай-ақ нүктені,
Сөзiме сыймай дүние, көзiмде қалды моншақ боп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу