Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  134


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Сағыныш-ай, өзегi құрақ-құрақ...

Сағыныш-ай, өзегi құрақ-құрақ,
Көңiлiмде көк белдер тұрақ сұрап.
Түн ортасы ауғанда көз iлем де,
Төсегiмнен таңертең тұрам жылап.
Кешiгермiн, кештете жетiлермiн,
Алаңсыз амал кешпей өтiп едiм.
Өткенiмдi соншалық сағынам да,
Бүгiнiме бiртүрлi өкiнемiн.
Өлеңiмнен өткен күн бастау алып,
Кейде ерiксiз жанардан жас тамады.
Өткенiмдi соншалық iздеймiн де,
Бүгiнiмнен бiртүрлi жасқанамын.
Мен неге қорғамасты қорғап өлем?
Түйреп ап тiрлiгiмдi сорға көмем.
Өткенiме соншалық өкiнем де,
Бүгiнiмнен бiртүрлi қорқа берем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу