Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  81


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Өткендi сұрап бүгiннен...

Өткендi сұрап бүгiннен,
Түңiлме менiң түрiмнен.
Махаббат деген – есуас,
Мың өлiп, мың бiр тiрiлген.
Бағыма қарап бөлiнген,
Тағдырға сонда жүгiнгем.
Өткендi сұрап қайтесiң,
Түңiлiп тұрып бүгiннен?
Ғашықтығыңды бiлдiр де,
Бағыңа тұзақ iлдiрме.
Өткен күнiңдi қайталап,
Бүгiнгi өмiрдi бүлдiрме.
Жадыңнан сол бiр шығар күн,
Жылап тұрып-ақ ұнармын.
Жынданған шығарсың сен-дағы,
Мен де жынданған шығармын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу