Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  78


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

ЖАН ШУАҚ

Жанымның шуағы деп күнге сенiп,
Мен кейде өздi-өзiммен тiлдесемiн.
Ойраны шыққан дала секiлденiп,
Қорғансыз қоңырайған күй кешемiн.
Кей-кейде өзгешемiн, таңғаламын,
Беймезгiл тосылғандай арман-әнiм.
Жүзi қайтқан тағдырдың пышағынан
Қорғансыздау жаныммен қорғанамын.
Бере көрме, тағдырым, қосыма мұң,
Мен сонша мұң-мұнардан тосыламын.
Қынабы жоқ қылыштан қорыққандай
Күтпеген жанжал шықса шошынамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу