Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  87


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Мен қашаннан тағдырыма көнгенмiн...

Мен қашаннан тағдырыма көнгенмiн,
Қайшылықты қарсы тұрып жеңгенмiн.
Екi оқудың төрiне озбай қалғанда
Тәңiр берген талантыма сенгенмiн.
Бұл жалғанды өз iшiмнен мойындап,
Қалған жоқпын қақпаншыға ойын боп.
Пенделердiң қағазы емес мөр басқан,
Тәңiр берген «диплом» бар бойымда.
Өкiнiштен өлең жаздым, лауладым,
Еркiмнен тыс талай көңiлдi ауладым.
Күндiз-түнi iзденемiн, оқимын,
Осал тұстан басады-ау деп жауларым.
Бiлем, менiң қанымда бiр сарқыт бар,
Мойындайды менi менен артықтар.
Талантымен бiрге туған дарындар,
Маған жiгер Бұқар, Абай, Қорқыттар.
Керегi жоқ сатып алған ақылдың,
Әйтеуiр бiр көзiн ашар соқыр күн.
Қарындасы шығармын мен Шәмшi мен
Халқы сүйген Мұқағали ақынның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу