Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  145


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Өлеңмiн ғой. Жалғыз тал шашыңдаймын...

Өлеңмiн ғой. Жалғыз тал шашыңдаймын,
Ешқашан, ешкiмге де бас ұрмаймын.
Ашулансам, найзағай жасындаймын,
Мен бiрақ әлсiздердi басынбаймын.
Басымнан көлгiр сөздi асырмаймын,
Намыстан бiр тұтансам, басылмаймын.
Қара қойдың өкпесiн қағып алар,
Айтар жерде ешқашан тосылмаймын.
Мен солай жасындаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу