Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  126


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Алдымнан аңқып Алакөл демi...

Алдымнан аңқып Алакөл демi,
Ауылым мынау ала белдегi.
Тозаң тоздырған елеусiз елдi
Сағым деп ұқты сана мендегi
Жанарға жинап фәнидiң сөлiн,
Маңдайдан сылып тiрлiктiң терiн
Келiп ем, жүдеп қарсы алды менi
Самайы ерте сарғайған елiм.
Еңселi елдiң тәуiр ақыны,
Осы ғой менiң ауыратыным,
Жарылқап елдi жатқан жоқ екен
Шайтани шендi ауыл әкiмi.
Ресторан ба, әлде масхана төрi,
Қыздары – перi, серiсi – бөрi.
Ауылдың арын қалай арбаған
Құлқынға көрiк шенеунiк шерi?
Алакөл – бағым маңдайға бiткен,
Қадiрiн бiлер ер қайда күткен?
Күрсiнiп менi қарсы алмай қайтсiн,
Сабыры жердiң сарғайған түптен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу