Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  95


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Жаңғырық естiп құрсақтан...

Жаңғырық естiп құрсақтан,
Абайдың өзi мұң шаққан.
Қазақтың қайран даласы
Сүрленген талай сын шақтан.
Бiр үмiт күтiп ұлар күн,
Тылсымның сырын ұғар кiм?
Жат дыбыс шықса жылайды
Шыңғыстаудағы мұнар күн.
Алашқа тiлеп арлылық,
Тозаңнан тұнып таңғы үмiт.
Жол салған жаңа ғасырға
Үмiттiң жiбi мәңгiлiк.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу