Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  76


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Өткен-кеткен бiр белгiсiз таңымды...

Өткен-кеткен бiр белгiсiз таңымды,
Аспан, саған ұстаттым да, жаңылдым.
Ұстараның жүзiне ұстап өзімдi,
Жарақаттап алғаным-ай жанымды.
Көк тәңiрi-ау, көк көңiлi ғашықтың,
Мен өзiңе аманат жыр шашыппын.
Жас жарама шипа iздеп, шарқ ұрып,
Туған жердiң топырағына асықтым.
Жанарымнан шашып мұң.
Аспан, сенiң кеудеңдегi күн – жүрек,
Түнге барып түртпек тiлдi үңгiлеп.
Сығырайған шырағдандар сәулесi
Амалсыздың түндiктерiн тiлгiлеп.
Тамызыққа бiр-ақ тұтам шам алып,
Тағылықтың таразысын таба қып.
Даналықтың шiрiндiсiн тазарттым,
Өңез иiсiн демiмменен шығарып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу