Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  80


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Бiр арудың тамылжып тосын әнi...

(Темiржан Базарбаевқа)
Бiр арудың тамылжып тосын әнi,
«Тамашаға» «Ауылым» қосылады.
Күннен туған әсем бiр ерке шуақ
Әндi сүйген жүрекке асылады.
О, Темаға! Нар елдiң наз еркесi,
Әлi талай өнерде озар көшiң.
Езуiнен Ертiстiң еншi бөлiп,
Сырлы Семей сыйлаған саз еркесi.
Әмiренiң жайқалтып жапырағын,
Ән айшықтап Темiржан отыр әнi.
Керуен жолы айналып көпiрiме,
Өнер жолы Ертiс боп жатыр ағып.
Қарапайым қара шал қаладағы,
Әуен сеуiп жүрген-ау сара жаны.
Ұшқын алып алтынның тұяғынан,
Жыр маржаны жағада барады ағып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу