Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  84


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Толғақсыз түннен жұтап таң...

Толғақсыз түннен жұтап таң,
Сәбисiз төстен сүт аққан.
Қураған тамыр елестер
Ақ сөңке болған бұтақтан.
Бүлiнiп бақыт сабырдан,
Анаша көңiл сан ұрған.
Бүлкiлдеп жатыр болашақ
Жалаңаштанған тамырдан.
Тайғанақ тағдыр сыр сынып,
Көшеде бейбақ күрсiнiп.
Әрбiр бұтаның түбiнде
Бұлқынып жатқан тiршiлiк.
Раушанның ашты кермегiн
Алқызыл түспен әрлеген.
Мұңдарды сырға бөлейдi
Тұяғы қызыл терлеген.
Ғашықсыз ғалам – кектi ойдан,
Сезiмге мен ғой шек қойған.
Тiрлiктiң кейбiр күйбеңi
Ұлы сезiмдi жеп қойған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу