Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  74


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Қайтсем екен жүректiң мына заңын...

Қайтсем екен жүректiң мына заңын,
Қайтсем екен қайқайған жыр азабын.
Мәдениеттiң емшегiн сорып жатып
Көрдiм бақыт жолының бұралаңын.
Бiлмейсiң ғой сен бiрақ жар азабын,
Тұрағы жоқ күндерден жара жаным.
Бейне қыран бүркiтпен алысқандай
Өмiрдегi болдың-ау бар азабым.
Көңілiмдi алдың-ау бiр қайтарып,
Тиянағы жоқ ойды жырға айтамын.
Қателiгi жастықтың бiлiне ме,
Өзiм тырнап жарамды ұлғайтамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу