Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  148


Автор: Қайырды Назырбаев

Деседағы «Ренжисің несіне?»

Деседағы «Ренжисің несіне?»
Әркімнің-ақ бар ғой осы «бірағы».
Кейбіреудің иттіктерін бетіне,
Айтып-айтып тастағың кеп тұрады.
«Қойшы соны, қойшы енді» дей саласың,
Бір түкіріп ызаңды басқан болып.
Жиренесің, шамалап ой-санасын,
Сол иттікті тағы да жатсаң көріп.
Бұрынғылар жартылай қосылма деп,
«Пышақ берсең, бер депті қыныменен».
Құдай-ау, осы менің досым ба деп,
Жаның жүдеп, налисың шыныменен.
Деседағы «Ренжисің несіне?»
Әркімнің-ақ бар ғой осы «бірағы».
Кейбіреудің иттіктерін бетіне,
Айтып-айтып тастағың кеп тұрады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу