Өлеңдер ✍️

  11.06.2022
  82


Автор: Қайырды Назырбаев

Есіл арман, есіл ой еш болар ма...

Есіл арман, есіл ой еш болар ма,
Алды-артымды бағалау кеш болар ма.
Орны бөлек жан ед деп тіріде де,
Өлгеннен соң достарым еске алар ма?!
Еске алар ма, көзіне жас алар ма,
Қайғы-мұңын сонымен баса алар ма?
Дос қайғырып жүргенде, дұшпандарым,
Қуанышын тойлайды-ау тасаларда.
Амал қанша, құлаққа еш ілмедік,
Сәл сүрінсек мойындап «кешір» дедік.
Қайран, достар, қайырылып бас көтермей,
Несін кеттік, өмірден, несін келіп.
Соны ойласам көңілім жабығады,
Соны ойласам жүрегім ауырады.
Тірісінде қадірмен ағайынмен,
Көңіл жықпай сыйлассақ не қылады.
Уайыммен өмірім азды-ау менің,
Қысқа болды көктемім – жаздау кезім.
Орны толмас өкініш, амал қанша,
Бағаламай өткізген жаз дәуренім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу