Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  92


Автор: Серік Тұрғынбеков

ЕСКЕРТКІШ

Ескерткішін көріп тұрып Мұхтардың,
Естен кетпес бір нәрсені ұққанмын.
Елі сүйсе, құламайды асқар тау,
Елі сүйсе, батпайды екен шыққан Күн.
Ескерткішін көріп тұрып Мұхаңның,
Бұлтартпастай ақиқатты құп алдым.
Лаулап жанып дүниені жылытқан
Ұлылардың ұшқынынан тұтандым.
Тас мүсінін көріп тұрып дананың,
Ғаламатын сездім ақыл-сананың.
Ескерткіштер...
Ескерткіштер – белгісі
Ертеңдерге
Ескі менен жаңаның.
Кемеңгердің көріп тұрып кескінін,
Кең кеудеме бермес едім еш тыным.
Тек ескерткіш
Тұрар мәңгі қалпында,
Айлар асып, жылдар жылжып, көшті күн.
Көп болса да көк тіреген мұнара,
Ескерткіштен биік болмас, сірә да.
Мәрмәр тастан орнатылған тұғырда
Мұхтар сынды отырғанда ғұлама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу