Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  77


Автор: Серік Тұрғынбеков

ТОБЫЛ

Тобылғы түстес тор Тобыл,
Жағаңда сенің ерке гүл.
Қиялымды сен менің
Қияныңа асырып,
Толқыныңа ерте біл.
Ән-жырыңды шерте жүр.
Толқыны тентек өзіңді
Тобыл десем де болады.
Сендегі мөлдір сезімді
Төгіл десем де болады.
ГЭС-тердің ерек күшіне
Бағын десем де болады.
Астықты мынау алқапқа
Ағыл десем де болады.
Маржан десем де болады,
Лағыл десем де болады.
Ортайып қалған олқыны
Орманыменен шалқытқан.
Тобылдың тентек толқыны
Темірлерді де балқытқан.
Айдыны мынау ақ таңдақ,
Аққу-қаздарын қалқытқан.
Ақ кемелерің шапшаңдап,
Шабыттың отын шалқытқан.
Қолтықтан талай демедің
Кезде де мені малтыққан.
Өзіңе деген өлеңім
Өзгеше болар сондықтан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу