Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  116


Автор: Серік Тұрғынбеков

«Қарқаралы басында – жалғыз арша»

«Қарқаралы басында – жалғыз арша»
Деп шырқаған Мәдидің әні қалса,
Тәттімбеттің табаны тиген жердің
Топырағын тап басып танып алса.
Жиегін жалатқандай алтынменен,
Даламнан дарқандықтың қалпын көрем.
Сұңғыла сүйрік талдар бой түзеген,
Қарасаң көңіл шалқып, балқыр денең.
Еркелеп ертелі-кеш ескен желің,
Жауыннан, дауылдан да сескенбедің.
Шыршалар сұңғақ ұстап өз денесін,
Өзінің әуестей ме өскен жерін.
Қарқаралы...
Басыңда бұлтың бар ма?
Сенен тарих тағы бір жыр тыңдар ма?
Көкшіл буың кешкілік бой көтеріп,
Сосын барып сүңгиді сұр құмдарға.
Қарқаралы...
Атағың, атың барда
Саған, сірә, жаманат жақындар ма?
...Құзғынға қоныс болмас қайран мекен,
Ат басын тірете бер ақындарға




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу