Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  87


Автор: Серік Тұрғынбеков

Қайда екен

Қайда екен
Сонау күңгірт мүләйім күз?
Қайда екен
Қара торы Күнәйім қыз?
Шомылып жатар ма едім
Жағасында бір күн көлдің?
Ауылға барғанымда Алмат шалдың
Өзі емес, жұртын көрдім.
Қайда екен
Көк белдерде
Қол жайған қара шалдар?
Қайда екен өгіз арба
Жол бойын көметін ала шаңға?
Қайда екен балауса күн
Сағымдай күлтеленген?
Балалықпен жіберген қателерім?
Қайда екен
Мірке, Мерген –
Аяулы әкелерім.
Апыр-ай,
Адам деген
Кеше бар, бүгін жоқ па?
Қызық-ау заман деген,
Қиын-ау ұғынбаққа!
Ауылға барамын да,
Әрнеге алаң болам.
Ұлы той-думандарда,
Мен бірге бола алмаған.
Көремін інілерді,
Алысқа кетіп қалған
Сағынып ағаларды –
Көкірегім күңіренді!
Сағынып тұрмын тағы
Бүгін Елді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу