Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  103


Автор: Серік Тұрғынбеков

Түрімді жүдеттің...

Түрімді жүдеттің,
Мұңымды үдеттің.
Жаза алмай сарсыттың
Жарасын жүректің.
Сыздаттың жанымды,
Мұздаттың тәнімді.
Тіл – мақау,
Көз – басыр
Қаптырып шаңыңды.
Асылды тот қылдың,
Нәсілді жоқ қылдың.
Тауға да, тасқа да
Басымды соқтырдың.
Қанымды қайнаттың,
Зарымды «сайраттың».
Сағымды сындырдың,
Бағымды байлаттың.
Жарығың сөнгесін
Жарымжан пендесің.
...Беу, дүние, сұм жалған,
Бар ма еді менде өшің?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу