Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  84


Автор: Серік Тұрғынбеков

ТҮЙЕМОЙНАҚ

Түйемойнақ...
Тұрған жерің биік қыр,
Күн нұрына дала төсі иіп тұр,
Бергі бетің –
Бетегелі көк жусан,
Арғы бетің –
Ақ Тосынға иіп тұр.
Көктемеде жайнап кетер жер өңі,
Майда мақпал, пүліші мен берені.
Арнасында Торғай ағып жатады,
Тұңғиыққа тартып кетер тереңі.
«Көшек» қырдың кетпейді көк мұнары,
«Ақши» – таққан алқасы мен тұмары.
Маң даланың маңдайында жалғыз тау,
Құм жұтқан ба?
Қайда кеткен сыңары?!
Өстім сенің жемісіңді теріп бір,
Өте шығам кейде үстіңнен желіп бір.
Түйемойнақ,
Үлкенсің ғой, үлкенсің,
Екі ортаңды бір қарасу бөліп тұр.
«Ақжалпағым» – ағын судың қақ сәні,
«Алакөлім» – дала белім бақшалы.
«Түйемойнақ» қол созым жер...
Алыста
Жарқырайды Ақшығанақ ақ шамы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу