Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  74


Автор: Серік Тұрғынбеков

АҚШЫҒАНАҚ

Ақшығанақ!
Ақшығанақ десем мен,
Ақын болып шыға келем төселген.
Анамсың сен,
Ақ сүтіңді ақтаймын,
Азамат боп атқа мініп осы елден.
Таң қаласың қонақ күткен күйтіне,
Қарсы алады бие байлап, үй тіге.
Сүзеген боп көрген емес сиыры,
Қабаған боп көрген емес иті де.
Алақандар көрген емес барды аяп,
Аналардың көңілдері қардай ақ.
Ақшығанақ,
Асқар таулар сияқты
Келеді әлі ешбір аласармай-ақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу