Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  103


Автор: Серік Тұрғынбеков

ӨЗГЕРДІ

Өзгерді...
Бәрі өзгерді...
Өзгергенін көз көрді.
Сұрапыл дауыл болардай
Сұмдықты жаным сезген-ді.
Өзгерді бәрі,
Өзгерді...
Өлшедік талай безбенді.
Отына күйіп шындықтың,
Шырқырап жаным төзген-ді.
Бәрі де,
Бәрі өзгерді.
(Өзгерер, сірә, кез келді!..)
Қадірін білмей алтынның,
Зар болып қалдым жезге енді.
Елімнің хаты өзгерді,
Жерімнің аты өзгерді.
Амандық-саулығым өзгерді,
Жамандық-жаулығым өзгерді.
Аспанның түсі өзгерді,
Жастардың ісі өзгерді.
Тұздың дәмі өзгерді,
Қыздың сәні өзгерді.
Өзгермей неміз қалды?
Бәрі... бәрі өзгерді.
Тек қана өзгермеген,
Бір құдай бар –
Оны да көз көрмеген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу