Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  87


Автор: Серік Тұрғынбеков

Айықтырмай тұманын....

Айықтырмай тұманын,
Не боп кетті мына күн?!
Көбейгендей келеңсіз
Көңілдегі күмәнім.
Көк аспанның шекпені
Түспей қойды, беу, неге?!
Бұлттың бәрі көктегі
Кіріп алды кеудеме.
Мұндай жайды кім күткен,
Ай адасқан шығар-ақ.
Күннің де өзі түндіктен
Қарамайды сығалап.
Жаңылысып қалғандай
Жаз орнына қыс келіп...
Бір ашуы бар жандай
Тұрды дала тістеніп.
Қарай бердім аспанға,
Қам көңілім зарығып.
...Күн шуағын шашқанда,
Болды бірден бәрі ұмыт!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу