Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  80


Автор: Серік Тұрғынбеков

Бір құдірет

Бір құдірет
Бар екенін білемін
Оның және дара екенін білемін.
Бәрімізді бір минутте күлдіріп,
Бір минутте зар етерін білемін.
Бір құдірет
Бар екенін білемін,
Онсыз тірлік тар екенін білемін.
Алып шығар алапаттың ішінен
Намыс пенен Ар екенін білемін.
Бір құдірет
Бар екенін білемін,
Бір құдайдың жар екенін білемін.
Қылығына тәнті қылып қоятын
Соңнан ерген бала екенін білемін.
Бір құдірет
Бар екенін білемін.
Ақтың кейде қара екенін білемін.
Бәрін айтып, бәрін жазып бере алмай,
Жүрегімнің жара екенін білемін.
Білемін мен,
Білемін мен, білемін!
Білген сайын дүрсілдейді жүрегім.
Күндіз-түні дөңбекшиді кеудемде
Таппаған соң жан дертінің бір емін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу