Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  87


Автор: Серік Тұрғынбеков

Махаббатты болды дейсің кім біліп...

Махаббатты болды дейсің кім біліп,
Бойды билеп бір қуаныш, бір күдік.
Талай-талай жанарлардан жас ағып,
Талай-талай кеуделерден тұнды үміт.
Бәріне де жетесің-ау, жарық күн,
Сен өзіңнің молдығыңды таныттың.
Мен бір қызды алдадым ғой деп жүрсем,
Одан бұрын мен алданып қалыппын.
Өзің жайлы көп қой, шіркін, шертер мұң,
Бірін сүйіп, ал бірінен жеркендім.
Өзеуреген өзгелерді көргенде,
Өз отыма өзім ғана өртендім.
Ойхой, досым, бір сыр айтам тағы да –
Кір келтірме гүлді раушан шағыңа.
Бар болғанда бір-ақ қызды билейміз,
Туған жоқпыз барлық қыздың бағына.
Жігітпіз ғой арманқұмар, бәсқұмар,
Жаңылғанның жанарына жас тұнар.
...Махаббат па?
Махаббатпен ойнама,
Аяғыңды ол әлтек-тәлтәк бастырар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу