Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  93


Автор: Серік Тұрғынбеков

ҚЫРАН

Төбеден сорғалаған жауынша ағып,
Қанаты бұлт оранып, дауыл қағып.
Қалпынан танбайды әсте қайран қыран,
Көрмеген ештеңеден тауын шағып.
Бойында балғын үміт, балаң желік,
Алған соң қайтсін енді далам да ерік.
Қиядан құйғып төмен құлағанда
Қалады қырағы көз әрең көріп.
Сонан соң атылады қайта аспанға,
Әдейі жаралғандай ойқастауға.
Батырлар қылыш солай сермеуші еді
Жауымен жекпе-жекте айқасқанда.
Шырқайды шаң жұқтырмай шоқтығына,
Көңілдің май құйғандай оттығына.
...Қияда қалықтаған қыран көрсем,
Қиналам қанатымның жоқтығына!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу