Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  259


Автор: Жәлел Қуандықұлы

Сені бүгін көрмесем болмас

Не бір мұңға толы бұл – жүрек,
Бара жатыр соғуың үдеп,
Сені бүгін көруім керек -
Сені бүгін көрмесем болмас.
Желкеме жүк артты көк менің,
Бұл азаптар жыр ғой төкпелі,
Сағындым ғой жаным тек сені –
Сені бүгін көрмесем болмас.
Мүмкін күн де күлер күні ертең,
Ашылады гүл де жан еркем.
Не болса да, болсын дәл ертең –
Сені бүгін көрмесем болмас.
Жұмбағымсың қашаулы мүсін,
Сенсің жалғыз һас ару, құсым,
Менің ертең жасауым үшін -
Сені бүгін көрмесем болмас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу