Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  86


Автор: Жәлел Қуандықұлы

БИІКТІК

(Тұрсын ЖҰМАШҚА)
Ақындары қалып жатса ауылда,
Топырақтың құдіреті дара да.
Төбе құрлы еленбейді тау ұлдар,
Сол қонбай жүр санаға.
Өлең менен өрелес пе шатпақ кіл?
Алыстарға тарта беред(і) ой самғай.
Алғашқыдай биіктігін сақтап тұр,
Қабірің де ортаймай.
Бас қаланың місе тұтпай барларын,
Балқантауды жалғыз өзің кездің де,
Жырларыңды іздейтінін, ардағым,
Әуелден-ақ сездің бе?
Қаламың да кейде мұңды, кейде үстем,
Соңғы өлең боп алабұртты атырап.
Жалғыз сенсің Құдайменен сөйлескен,
Балқантауда жатып ап.
Тағдырыңды тағылық деп мойындар,
Мына өмірден ауру да өтіп, сау өтіп.
Келеді әлі лек-легімен шайырлар,
Балқантауға тәу етіп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу