Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  79


Автор: Мерғали Ыбыраев

Көшпелі адрес

-Әлі үйіміз барақта,
-Әлі үйіміз барақта,
Көресіні көрдік деп...
Шақыруды қонаққа.
Санайсың ба, сен міндет.
Дәмге де деп... Қызарып,
Айтып бітпей қолқанды.
-Тиын бар деп сыралық,
Қақтың менің қалтамды.
Екінші рет бұлтыңға,
Тағы да сап еп қылдың.
Үйім қала сыртында.
«Ит өлген жер» деп тұрдың.
Қайта көріп қалған соң,
Дәлел таппай дәлірек.
-Бұрынғы үйді бұзғаң соң,
Көштік дедің әрірек.
...Сыйлау сенің не теңің,
Сырғи берме, ей, інім.
Мызғымапты мекенің,
«Көшіп үрген» пейілің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу