Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  81


Автор: Мерғали Ыбыраев

Жүрек жолы

Сүт ембеген тұлпарда – болмайды екпін,
Солықтасам сонарда... сол ғой деп біл!
Жанып түсер тұстарда, жанбай кеттім.
Қанып ішер бұлақтан қанбай кеттім.
Талай-талай достарға «хош» дей алмай,
Қоналқаға кідірмей кешке қарай.
Қалды артымда моншақты мол дүние,
Жанарынан жас сығып жас қарағай.
Қызығы көп қыздар көп кез болған-ды,
Ебін таппай елжіреп..., сөз болғам-ды.
Бекерге өз қағымнан өзім жеріп,
Кеттім кезіп басқа қыр, басқа орманды.
Түндерде жапа-жалғыз қорықтым мен,
(Түс көрсем жақсылыққа жорып кілең).
Дүм тоғай арасынан Арман деген.
Данконың жүрегіне жолықтым мен.
Артымда талай қала, қалып қыстақ.
Келемін, жүрек деген жарықты ұстап.
Сол маған адасқанда ақыл қосты,
Сол мені қараңғыдан алып шықпақ!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу