Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  87


Автор: Мерғали Ыбыраев

Құстар қиқу салғанда

Көктем боп жеткен – Бақыттым,
Көңілдің қайда сол әні?
Таратып жібін уақыттың,
Тырналар қайтып барады.
Бақ құсы, базар – сендер ең,
Шайқалды көлдің дәулеті.
Қай жаққа ұштың көрмеген,
Топталған тырна – әулеті?!
Компастың тілі – тұмсығың,
Тұстікке тартқан, қолбасшым.
Траулап ұқаз сыңсыдың,
Қарт тырна!.. қайта қонбассың.
Бауырға жылтып жатып ең
Шалқыма – жаздың шалғынын.
Кеудеңнің қызу отымен,
Әкеттің қайда барлығын?
Түсіне алмай шынымен,
Мәнісін ұқпай «Қоштың» да,
Елеңдеп Елдің үнімен,
Жарбандап ұшты жас тырна.
Көлеңкең жерде – бір елес,
Саласың қиқу жалғанда:
«Қимастық деген түк емес,
Қоштасу қажет болғанда?!»
Тобыңмен қайда серпілдің,
Хауіп не алда..? бол абай.
Аңырып жерде мен тұрмын,
«Қош» деуге тіпті жармай.
Сызбаймыз оның жолын біз,
Тырналар кетті тым жырақ.
Төңірек тыныш... Қоңыр күз,
Қарайды маған тұнжырап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу