Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  74


Автор: Мерғали Ыбыраев

Жидебайда туған жыр.

Әлемнен!
Жұлдыз көзі саған ауған,
Әр елден:
Куба, Ласс, жаңа Алаудан.
Аңызақ африканың аптабынан,
Материктен – май қары жаңа жауған:
Тайгалардан тамаша самал ескен,
Сәбилерден кіндігін жаңа кескен.
Сәлем саған, армандай ақын атам,
Батпаған қызыл күні дала-кештен.
Ақ бидай әннің аты – алабымнан,
Көтерген миллиардты жаңа қырдан.
Ауылдан, астанадан, қала, құмнан,
Жолдағы жолаушыдан және ағылған.
Әр күні әсем қоңыр бір айшық ән,
Мақталы, маталы алап, мұнайшыдан.
Малшыдан, жетті қабат жер астынан,
(Қаңқайып қала берсін құдайсыған);
Теңелген Ильич-сәуле, тереземнен,
Шалқыған барлығым боп сел – өзеннен.
Батысым мен Шығысым – қос қанатым.
Бақытты, Сізді көрген – көне кезден;
Сәби гүл көмкерілген бала-баудна,
Теңіздер төңкерілген жағалаудан.
Алғыстардан! – Мұхиттай ағыстардан,
Алақандай арал боп қалады аудан.
Сол алғыс ақын Саған ақтарылған,
Төгілді теңдеп келген қаптарынан.
Ол биік қиялды «Қап» тауынан,
Ол қымбат алтын тәж бен бақ-тағыңан.
Бір төбе алғыстардан тұрғыз мейлі,
(Қаланар кірпіш болып тұрғы іздейді)
Аласа мүсініңнің тарғыл тасын,
Аспанға екі-ақ елі тигізбейді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу