Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  193


Автор: Мерғали Ыбыраев

Абай ата жиені

Алты жасқа келгенде,
Алты бидай ас қылдың,
Жеті жасқа келгенде
Жетімдіктен тас шайнап,
Жастығыңды жас қылдың,
Сегіз жасқа келгенде
Сергек пысық ширадың,
Бөлтіректей қасқырдың
Тоғыз жасқа келгенде,
Домаланып жүгіріп,
Табаныңды тас қылдың...
Он жасыңнан асқанда,
Моңғол жақтан мал айдап
"Қойшы бала атанып,
Есімінді паш қылдың...
Жиырма жасқа келгенде
Жолбарыстай жымданып,
Отыз жасқа келгенде,
Орда бұзар ісіңді,
Жұрт мақтасты мұндағы,
Қырық жасқа келгенде.
Қылпылдаған алмастай
Тірлік сені шыңдады,
Елу жасқа келгенде,
Ел сөзіңді тыңдады,
Алпыс жасқа келгенде.
Айналаңа жиылды,
Қазақтың бұл ұлдары..
Балташ – түбі балта дер,
Балта сабы тұқымнан,
Жөні жоқ қой келте дер,
Шаппай алған бәйгені,
Белгілі ат Кертөбел.
Бәрі арланы секілді
Бөлтірікті ойдағы
Қырға қарай ерте бер,
Елге сіңген еңбегің,
Ерсің сен де еркелер!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу