Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  83


Автор: Мерғали Ыбыраев

Қайрау

Жатпайтын жас кісіге, не кәріге,
Ортаймас отызбестің іңкәрі не?
Жалыны жиырмабестің сөнді-ау деймін,
Шыдайды уақыттың кім кәріне.
Қол жетпей мұратыма, көңіл жеткен,
Үкілі серіліктен сенім кеткен.
Қыз қолды, отызбесім қылжақтасты,
Алтын тіс арда күрең келіншекпен.
Ендігі іңкәрім не алдан күткен,
Күресу ме көрінбес жалғандықпен.
Желімдей жібер мені-ұяң мінез,
Жебе мені адами арман біткен.
Қорқыттай қорыққанмен қайда қашан?!
Қайда қашам, қайырылып майдан ашам.
Бұрымыңды тарқат сен қыз-ғашығым,
Бұдыры жоқ арманнан тайғанасам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу