Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  94


Автор: Мерғали Ыбыраев

Жазғытұрым

Деген сөздер тоқталды:
«Әже-қысқа кір кептір».
Ақ көйлектей – ақ қарды,
Ұызыл сиыр – күн жеп тұр!
Ақын біткен таба алмас,
Көктем – өлең ұйқасын.
Дөң біткеннің жалаңбас,
Айғыз-айғыз құйқасы.
Дөңгелекті сағынған,
Су-қызыққа батады, ә?
Волгалардың ағылған,
Бөкселері сатала.
Сылтау айтып шешеге,
Шаруасын үйіріп.
Ұыздар шықты көшеге,
Қызыл-жасыл киініп...
Кездесе алмай аһ ұрған,
Ғашықтарды толғандыр.
Бұлттан емес – шатырдан,
Жауып тұрған ақ жаңбыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу